Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қазалы қаласындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Аудан әкімі Қазалы қаласындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әлішпен бірге Қазалы қаласындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Алдымен «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш зауытына барып, зауыттың өндірістік әлеуетімен, күріш ақтау және қаптау желілерінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы зауыттың техникалық жабдықталуы мен өңдеу қуаттылығы туралы мәлімет беріп, қазіргі таңда өңделіп жатқан өнім көлемі мен экспорттық әлеуеті жайлы баяндады.
Биыл «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1503 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 550 гектар, 100 гектар бидай және 850 гектар мал азықтық дақылдарын орналастырған.
Аудан басшысы күріш зауыттан кейін жеке кәсіпкер Серік Жолболдиевтің «Интер» жеке медициналық орталығына барды. 20 төсектік медициналық нысан биыл ғана өз жұмысын бастаған. Жергілікті халық осы орталыққа күндіз келіп өздеріне қажетті процедураларын алады.
Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Нұрбек Қазбергеновтің Конфет цехыныңда жұмысын көрді. Қазалының бренд өнімі шығатын цехты көрген Алмасбек Әбілқасымұлы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта конфет цехындағы өнім көлемін әлде де арттыру жоспарда бар екенін жеткізді.


Қазалы қаласындағы тағы бір кәсіпкерлік нысан жергілікті кәсіпкер Салтанат Ражатованың көкөніс жылыжайы. Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2023 жылы 8,6 млн теңге несие иеленіп, жылыжай өсіруді қолға алған. 2023 басталған кәсіп алғашқы жемісін былтырдан бері бере бастаған. Алғашында кәсіпкер 160 шаршы метр аумаққа қияр егіліп, 800 келі өнім жиналған.
«Отбасымызбен осы жылыжай жұмысын жүргізе бастадық. Нәтиже жаман емес. Өнімге сұраныс бар. Кәсіпкер үшін маңыздысы осы. «Ауыл аманаты» бойынша берілетін несие шарттары өте тиімді. Тек еңбек етуге ниет болуы керек», - дейді кәсіпкер.
Жылыжайдың жұмысымен танысқан аудан басшысы мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін бастап, жергілікті халықты өніммен қамтып отырған кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта жылыжай жұмысын әлде де жандандыруға тиісті қолдау көрсететіндігін айтты.
24 қазан 2025 ж. 93 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031