Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдықты ар санаған Айбек

Адалдықты ар санаған Айбек

Қызмет барысында білімділікті, темірдей төзімділікті, қырағылық пен тынымсыз ізденісті талап ететін мамандықтың иесі – Айбек Құлманов. Ол Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы.
Айбек Әділбекұлы Әйтеке би кентіне іргелес орналасқан Қ.Пірімов ауылының тумасы. Ауылдағы №92 мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академия­­сына оқуға түсті. Ал, 2013 жылы Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрамында болып, әскери борышын өтеді. «Ұлан» Елбасы Жарлығымен құрылып, ҚР Президентіне тікелей бағындырылып, Қарулы Күштердің құрамына кірмейтін арнаулы әскери құрама ретінде тіркелді. Олар негізінде – дәстүрлі рәсімдердің орындалуына, Мемлекет басшысының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аса маңызды объектілерді күзетумен айналысады. Осындай жауапты істерді атқару үшін ұландықтардың қатарына сақадай сай, денсаулығы мықты, сана-сезімі жоғары азаматтар алынады. Оның үстіне үміткерлердің бойы 178 сантиметрден төмен болмауы және сыртқы келбет пішініне мән беріліп, адамгершілік тұрғыда үлгілі болуы шарт. Міне, осындай қасиеттер бойынан табылған Айбек әскери борышын өтеудегі алғашқы күннен-ақ, алғырлығы мен белсенділігімен көзге түсті.
Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып, туған жерге оралған Айбек Қызылорда облыстық жол полиция инспекторы болып еңбек жолын бастады. 2016 жылы Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторлығына бекітілді. Қызмет ете жүріп, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінен заңгер мамандығын меңгеріп шықты.
Бала күнінен спортты жанына серік еткен Айбек облыстық ішкі істер департаменті құрамында волейболдан түрлі жарысқа қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Жұмысына жауапты, тапсырмаға тиянақты маман басшылық тарапынан түрлі марапаттарға лайық деп танылды.
Әңгіме барысында жұмыс кезіндегі қиындық пен қызықты сәттерді еске түсірген жол полиция инспекторы: «Қыстың қақаған аязды күндерінде «осы жұмысқа бекер-ақ келген екенмін» деген сәттерім болды. Көлік апаты болған кезде тіптен қиын. Алайда, адам сүйген мамандығынан бас тарта алмайды екен. Мен де өз жұмысымды жақсы көргендіктен шаршап-шалдығуды ұмыттым. Күнделікті бірнеше адаммен жолығамыз. Әрқайсысының әр түрлі мінезі бар. Тіпті, кейде біреудің ішкі ойын оқи алатын психолог маман болып кетеміз. Менің жұмыстағы ең басты ұстанымым – қандай жағдай болмасын сабырлық танытып, тек ғана заң шеңберінде жұмыс істеу. Ең алғаш еңбекке араласқан кезімде облыстық ішкі істер департаментінде Молдахмет Ағыбаев деген кісі болды. Көп нәрсені үйретті. «Балам, ақша мен ішімдіктен аулақ бол» деп үнемі айтып отыратын. Ағалардың ақылы мен өзімнің ішкі түйсігім адамгершіліктен аттап, ар-ұятты ұмытуға жол бермейді», – дейді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 маусым 2018 ж. 2 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930