Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында өнерптапқыш "Lamborghini" құрастырып шығарды

Жамбыл облысында өнерптапқыш "Lamborghini" құрастырып шығарды

 
  Жамбыл облысы Шу ауданында 67 жастағы Мейя Тафиков Lamborghini автокөлігінің көшірмесін құрастырып шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24". Спорттық көлікті құрастыруға зейнеткердің 9 жыл уақыты кеткен. Өнертапқыш ескі көліктердің бөлшектерін пайдаланған. Трактордың радиаторы да қолданылған, ал кейбіреуін өзі темірден құйып жасаған. Автокөлікті мобильді телефон арқылы оталдыруға болады.
   Қазіргі уақытта өнертапқыш көліктің салоны мен электр сымдарын қосымша жөндеп жатыр. Ер адамның айтуынша, оның көлігіне қызығушылық танытқандар көп болған, кейбіреулері сатып алмақшы екен. Өнертапқыш көлікке әжесінің анасының құрметіне "Фидана" деген атау берген. Ол әзірге суперкардың құжаттарын рәсімдеп үлгермепті. "Honda көлігінің төменгі бөлігін алып, оны кескілеп, кеңірек етіп шығардым. Қанаттарын өзім жасадым. Мен оны ұшатын еткім келді. Сосын туыстарым мен достарым маған былай деді: "Осының саған не керегі бар?". Барлығын дайындап қойдым", - дейді Мейя Тафиков

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz
03 наурыз 2019 ж. 1 283 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930