Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада үй салуға асықпайтын тұрғындардан жерлері қайтарып алынады

Қызылордада үй салуға асықпайтын тұрғындардан жерлері қайтарып алынады

2016 жылы Қызылордада «Бәйтерек» шағын ауданы бой көтерді. Онда 6 мыңнан астам адамға 10 сотықтан жер берілген еді. Барлық қажетті инфрақұрылым тартылды. Дегенмен, жер учаскесін алғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де, үйлерін әлі де тұрғызбаған азаматтар анықталып отыр. Жер телімін алғандар 2005 жылы кезекке тұрғандар болып табылады. Оларға үй салуға үш жыл уақыт белгіленген. 
«Біз 2005 жылы жер кезегіне тіркелген тұрғындар мәселесін толықтай шештік. Енді 2006 жылы жасалған тізімге кезек келді. Барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген «Бәйтерек» шағын ауданында пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл жерлер кезекте тұрған келесі азаматтарға беріледі», — деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп беру шарасында.
Айта кетелік, қазіргі таңда Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр.
19 ақпан 2019 ж. 1 390 0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26 ақпан 2026 ж. 23

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728