Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйке жасушалары қайта қалпына келе ме?

Жүйке жасушалары қайта қалпына келе ме?

Бала күннен жүйке жасушасы қайта қалпына келмейтінін, ашуланғанда олардың өлетінін естіп өстік. Алайда қазір ғалымдар бұл теорияны жоққа шығарып отыр.

Адам ағзасындағы жасушалардың саны — 100.000.000.000.000 (100 триллион немесе 1014). Ең аз өмір сүретіні ішек эпителийі деп аталады. Күн сайын олардың 70 миллиарды өледі. Ғылымға мәлімі, адам туылғанда 14 миллиард жүйке жасушасы болады. Олар ешқашан көбеймейді. Ал 25 жастан асқаннан соң күнде 100 мыңға азайып отыратыны тағы бар.

Жүйке жасушалары - дамыған морфологиясы бар күрделі құрылым. Әдетте, жүйке жүйсінде басқа нейрондармен байланыстыратын бірнеше тармақталған өскін бар. Мұндай байланыстардың жоғалуы - жүйке жүйесіндегі бірқатар ауруларға негіз болады. Жасуша жүйке жүйесіндегі өз орнын алу үшін қиын жолдардан өтіп, байланыс жасау үшін әріптестерін табуы қажет.

Жүйке жасушасының бөлінбейтіні бәрімізге белгілі. Оларды жасанды түрде бөлу нейрондардың өліп кетуіне әкелген еді. Жасуша бөлінген жағдайда оның байланысы жоғалып, жұмысы тоқтайды. Сол себепті жүйке жасушасы қайта қалпына келмейді дейміз.

Дегенмен біздің миымызда бастамашы жасушалардан жаңа жасушаны қалыптастыру үрдісі бар. Бұл процесс - нейрогенез деп аталады. Нейрогенездің ең жақсы сипатталған екі түрі - гиппокамптың тісті қатпары және субвентрикулярлы аумақ. Бұл аумақтарда күн сайын жаңа жүйке жасушалары пайда болып, содан кейін мидың қажетті бөліктеріне қоныс аударады. Алайда нейрогенездің қажеттігі, оның атқаратын қызметі әлі күнге дейін құпия болып отыр.

28 қаңтар 2019 ж. 1 533 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 34

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 30

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930