Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев өзінің ең үлкен жетістігін атады

Назарбаев өзінің ең үлкен жетістігін атады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең үлкен жетістігі деп қазақстандықтардың жас буынын айтты , - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Мен көріп тұрған қазақстандықтардың жас буыны - бұл Қазақстанның ең үлкен жетістігі, Мемлекет басшы ретінде менің ең үлкен нәтижем. Мен бүгін сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын және Қазақстан Жастары жылымен құттықтаймын", - деді Президент Астанадағы салтанатты шара қатысушыларына.  Оның айтуынша, бүгінде өмір сүру саласының барлық түрі өзгерді - білім алу, жұмыс, отбасы және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да өзгерген.  "Бұл бүкіл әлемнің дамуына түбегейлі әсерін береді, әрине Қазақстан да одан қалыс қалмайды. Көз алдымызда  цифрлық қоғамы бар жаңа жаһандық өркениет - білім экономикасы туды.  Менің буыным оқушы болған уақытта, бізде теледидар деген болмаған, радио енді пайда бола бастады, телефон деген атымен жоқ.
Бұл қысқа уақыт. 100 жыл - бұл адамзат тарихы үшін түк те емес. Қалай өзгеріп жатқанын көріңіздер. Қазір 10 жыл ішінде өзгеріп жатыр. Еліміз осы уақыт сынына төтеп бере алатындай болуы керек", - деді Президент.  Еске салайық, таяуда жастар жылының логотипі бекітілгені хабарланды.  23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтіп жатыр. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. 
kaz.tengrinews.kz
23 қаңтар 2019 ж. 1 334 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 57

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 56

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 53

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 42

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930