Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Жалпы Ішкі жалпы өнім, инфляция, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер өздігінен-ақ цифрлар. Бұл цифрларға қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін қол жеткіземіз. Барлық әкімдер мен министрлерге мұны барлық уақытта есте сақтап, бастарында ұстауларын өтінемін», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы дәл осы параметрлермен барлық деңгейдегі бүкіл басшылардың қызметтеріне сәйкестігінің дербес жауапкершілігі бағаланатындығын баса айтты.
«Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте тұрақты табыс пен сапалы өмірлеріне байланысты. Адамның өзі еңбексүйгіш болған кезде табысы да арта түседі. Мен мұны үнемі айтып келемін», - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, адамға жұмыс орнын ұсыну емес, біліктілік мәселе болып отыр. Біліктілік болмаса онда экономикамыздың түрлі салаларында мамандық та болмайды.
05 қазан 2018 ж. 1 213 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031