Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыстан тыс уақытта жұмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізілуде

Жұмыстан тыс уақытта жұмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасауларын жою шараларын қабылдау, яғни, олардың еңбек құқықтарының қатаң сақталу қажеттілігі жөнінде тиісті шараларды қабылдау атап өтілген болатын.
Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (ары қарай – Агенттік) тарапынан мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларын жою жөнінде тапсырмалар берілді. Осыған орай, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілер үшін лайықты еңбек жағдайларын жасау бағытында келесідей шаралар ұсынылды:
- Уақытты ұзарту және жұмысты жалғастыру құқығынсыз 8 (сегіз) сағаттық жұмыс күнінен соң мемлекеттік органдарда компьютерлердің автоматты түрде сөндіру бағдарламасын енгізу;
- Икемді жұмыс уақытын енгізу (гибкий график работы) енгізу мәселесін қарастыру;
- Мемлекеттік органдарда СКУД жүйесі, яғни, жұмыс уақыты бойынша деректер көздері немесе тәсілін енгізуді қамтамасыз ету.
2018 жылы Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ҚР Мемлекеттік қызметі туралы заңының 32-бабы талаптарының, яғни жұмыс тәртібінің сақталуын бақылау шаралары жүргізілді.
Бүгінгі күнге дейін облыстық статистика, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон, экологиялық реттеу және бақылау, әділет департаменттерінде, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында және облыс әкімдігіне қарасты 17 басқармада жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде сөндіру бағдарламалары орнатылды. СКУД жүйесі (арнайы карточкалар арқылы мекемеге кіріп-шығуды бақылау қондырғысы) арқылы қызметшілердің жұмыс уақытынан шығу уақыттарына талдау жасалып, нәтижесімен облыстық мекемелер үйінде қазан айында мемлекеттік қызметшілер 240 сағат 14 минут кідіргені, ал қараша айында 156 сағат 45 минут, ал желтоқсанда 53 сағат 30 минут кідіргені анықталды. Ескеретін жайт, бұл көрсеткіш қыркүйек айында 791 сағатқа тең болған.
Қуантарлығы, жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар нәтижесімен қызметкерлердің жұмыста қалу фактілері қарқынды азайып жатқанын байқауға болады.
Дегенмен де, еңбек тәртібін бұзуға жол берген мемлекеттік мекеме басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жинақталған материалдар жолданды.
Биылғы жылдан бастап Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің, қоғам белсенділерінің қатысуларымен мемлекеттік мекемелерде тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Қызметкерлердің негізсіз жұмыста қалу фактілері анықталған жағдайда тиісті тәртіптік, әкімшілік шаралар қолданылатын болады. Аталған рейдтік іс-шаралар жөнінде облыс әкімдігіне және облыс көлемінде орналасқан барлық мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ескертпе хаттар бірнеше мәрте жолданды.
Қазіргі таңда, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, қоғам белсенділерінің қатысуларымен мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларына рейдтік іс-шаралар күн сайын жүргізіліп жатқандығын ескерте отырып, егер Сіздің (мемлекеттік қызметшілер) еңбек құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жазбаша түрде (анонимді түрде де) немесе «Фейсбук» әлеуметтік желісі және +7 /7242/ 70-56-06 телефонына хабарласу арқылы шағым білдере алатындығыңызды хабарлаймыз.
Қуаныш ӘБІЛДАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басқарма басшысы
22 қаңтар 2019 ж. 2 298 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930