Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрделі мәселенің кілтін тапқандар

Күрделі мәселенің кілтін тапқандар

Ел Тәуелсіздігінің тұғырлылығы мен берік іргесі тәртіп сақшыларымен тікелей байланыстылығын білсек те, олардың ішкі істермен бірге, сыртқы байланысқа да терең мән беретінін бағамдай бермейміз. Егемендікті жариялап, көк байрақты желбіреткен күннен бастап көші-қон жайын реттеу мәселесі алда тұрды. Осы тұста түрлі тарихи оқиғалар орын алды. Кең байтақ Қазақстанды қоныстанған кейбір ұлыс өкілдері тарихи отандарына көше бастаса, шет елдерде жүрген қандастардың біразы елге оралды. Бұл мәселелерді реттеу оңайға соққан жоқ. Сондай-ақ жаңа мемлекеттің азаматтарын жаппай төлқұжатпен қамту жайы да жүйелі жүзеге асты. Осындай жағдайлар негізінде құрылған көші-қон полициясы бұл күнде тұрақтылықтың айнымас бөлігіне айналған.

Шет елдіктерді уақытша тіркеу, тұрақты тұруға ресімдеу, азаматтықты ресімдеу, куәліктер мен төлқұжаттар беру, азаматтық, халықты құжаттандыру, визалық жұмыстар және шетелдіктердің келуін бақылау мәселелері бойынша өзіндік қазақстандық нормативтік базаны әзірлеу, сондай-ақ алимент төлеушілер мен борышкерлерді іздеу, заңсыз көші-қонмен күрес жұмыстарын ұйымдастыру — шашау шығаруға болмайтын мемлекеттік маңызды және қажетті істер. Осындай жауапкершілік жүгін жандарына серік еткен Қазалы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесі өткен жылды нәтижелі қорытындылады. Аудан көлемінде сегіз жүзге жуық шет елдік азаматты тіркесе, 237 заңсыз көші-қон арналарын анықтаған. Нәтижесінде 1 431 126 теңге айыппұлды мемлекет қазынасына құйған. 406 шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат беріліп, салық көлемі 6 604 130 теңгеге толықтырылған. 3935 азамат құжаттандырылса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша 623 адам өтінішіне жауап қайтарылған.

Жыл қорытындысымен бөлімшедегі аға инспектор, полиция майоры Гүлмира Берденова құрылым министрлігінің Алғысын алса, Айдың Бегімбайұлы аудан бойынша сала үздігі атанған. Мұндағы инспекторлар Бақытбек Алмағамбетов, Меделхан Абдреймов, жетекші маман Закида Сарабекованың жұмысына көпшілік риза. Күрделі мәселенің кілтін тауып, ұйымдастырушылық пен ұтқыр ұтырлықты ұстаным еткендер ісінің ілгерілеуінде бөлімше басшысы, полиция майоры Асқар Сәтбаевтың үлесі зор.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
09 қаңтар 2019 ж. 1 079 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 51

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 51

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 46

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 37

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930