Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар жеке куәлігін ауыстыруы керек

Қазақстандықтар жеке куәлігін ауыстыруы керек

2009 жылғы ескі үлгідегі жеке куәліктердің жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады, сондықтан құжатты жаңа үлгідегі чипі бар куәлікке ауыстыру керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушысы — чипі бар жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады. Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл, яғни келесі жылы аяқталады.Осыған байланысты ішкі істер министрлігі құжатты уақытында ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді.

"Құжатты республика аумағындағы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында (бұрынғы аумақтық қағидат бойынша) ресімдеуге болады. Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңаға айырбастауды  (әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес өзгертілді) ХҚКО-на бармастан жүзеге асыруға болады, ол үшін "электронды үкімет" порталы арқылы сұрау жіберу қажет (3,5х4,5 см. цифрлі фото сурет пен сканерленген жеке қолы графикалық файл түрінде электронды сауалхатпен бірге жолданады)", — деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

Қолайлы болу үшін жеке куәліктің жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда жаңа құжатты ресімдеуге болады.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 220 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930