Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды азғырған әлеуметтік желілер

Жастарды азғырған әлеуметтік желілер

    Бұрын әлеуметтік желілер болмағанда мұндай сұмдықтарды әркімнен естіп жүре беретін едік. Осы күндері жастардың арасында не болып, не қойып жатқандығын еркін ресми ақпараттық сайттардан көре беретін болдық.

    Мына оқиғада жас қыздар, ауыздарына келген сөздерін айтып, отырған қыздың шашын қиып, әлеуметтік желіге кіретін құпиясөзді сұраумен әлек. Сөздері мен әрекеттеріне қарасақ, ақысын алып тұрған сияқты.
Яғни, әлеуметтік желіде болған жағдайдың есесін қайтарып, жатыр. Осылайша, бір-біріне қатыгездік танытып тұрған түрлері.

    Не деуге болады? Жастардың басқа айналысар ештеңесі жоқ. Мүмкін, осы күйлерімен тегін шаштараз кәсібін үйрететін 2017 жылы басталған Тегін кәсіптік білім беретін оқуға жіберу керек шығар?! Ол да шешім ғой…
Өйткені көп жас осылай әлеуметтік желіде желігіп, көшеге шығып ерігіп, ақырында бастарына бәле тілеп жүргені.

    Бір сөзбен заманауи пікірмен айтқанда, жастар маргинализацияға ұшырауда. Әсіресе, аймақтық деңгейде анық байқалады. Сонда аймақтар немен айналысып отыр?! Дәл осындай жағдай болмаса да, жатақханаларда қыздардың қырғын төбелесі болды, бөлмелерінен ұялы телефондар ұрланып жатыр деген ақпараттарды естіп жатырмыз.

     Тәрбиесіздік, қоғамдық жобаларды әлсіздігі, білім мен еңбек құндылықтарының болмауы, жалпы «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» демеп па еді хәкім Абай. Дәл сондай жағдай орын алып тұр. Оның үстіне жастардың әлеуметтік желіні керек үшін емес, ермек үшін пайдаланушылық ерекше басым. Бұл ойланатын мәселе!
11 желтоқсан 2018 ж. 1 055 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930