Дариға Назарбаева кеден бекетіндегі былық туралы жайып салды
Дариға Назарбаева еліміздегі кеден бекетінде болып жатқан былықтың шетін ашты. Сенатордың айтуынша, кеден қызметкерлері импорттың, әсіресе Қытайдан әкелінетін тауардың көлемін жасырады екен. Осылайша, кәсіпкерден пара алып, оны салықтан босататын көрінеді
Назарбаеваның сөзінше, «Transparency Kazakhstan» қоры жүргізген зерттеудің нәтижесінде қазақстандық кеденшілердің пара алуға, ақша бопсалауға және жемқорлыққа жақын екені жазылыпты.