Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында мұғалім әйел 6 жасар қызды өрттен алып шықты

Ақтөбе облысында мұғалім әйел 6 жасар қызды өрттен алып шықты

Көрші үйінің шатырынан шыққан түтінді байқаған келіншек бірден көмекке ұмтылып, отқа оранған үйден 6 жасар баланы аман алып шықты. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының мектеп мұғалімі нар тәуекелге барып, Дариға атты қаршадай қызды құтқарып қалды. Ол сол күні үйде жалғыз қалған екен. «Көршінің үйінің отқа оранғанын көргенде есіме бірден балалар түсті», - дейді Гүлмира Пралина. Сол күні 4 баланың біреуі сабақта, екеуі балабақшада болыпты. Тек бірінші сыныпта оқитын Дариға ғана үйінде қалған екен. Әкесі жұмыста, анасы еңбекпен қамту орталығына кетіпті. Жанұшыра жеткен Гүлмира үйді айналып, есік-терезені қағады. Ешкім дыбыс бермегеннен кейін өз үйіне жетіп, өрт сөндіру қызметіне хабар береді. Алайда жүрегі бір нәрсені сезгендей, өртенген үйге қайта жүгіреді. Ұйқыдан оянған Дариға терезенің алдында жылап отырады. Гүлмира Пралина, Мәртөк ауылының тұрғыны: - Менің орнымда басқа адам болса солай жасайды деп ойлаймын. Өзім 2 балаға анамын. Баланы көргенде қорқып кеттім. Қызды алдым, үйге апардым, шомылдырдым. Жедел жәрдем келді. Қызды шомылдырып жатыр едім, «апай, аяғым» деп жылады. Қарасам, аяғының башпайлары күйген екен. Сосын киімдерін шешіп, күйе-күйе үстіміз. Қызымның қысқарған киімдерін кигіздім. Сосын халық жиналды. Гүлмира бұл ауылға осыдан 4 жыл бұрын Шалқар қаласынан көшіп келіпті. №1 Мәртөк орта мектебінде бастауыш сыныптан сабақ береді. Осы ерлігінен кейін мектеп ұжымы оны мақтаныш тұтады. Директор алғыс хат табыс етіпті. Ажалдан аман қалған Дариға Байқылыш болса қазір аудандық аурухананың күндізгі стационарында ем алып жүр. Анасының айтуынша, қыз бала қатты қорқып қалыпты. Психолог мамандар көмек беріп жатыр. Құралай Қуанышова, Дариғаның анасы: - Гүлмира апайға баламды құтқарып қалғаны үшін, екінші өмірге әкелгені үшін аналық ризашылығымды білдіремін, көп рахмет. Кішкене жүрегі дүрсілдеп, оттан қорқады. Өзіміз де «отқа жақындама» дейміз. Осы Гүлмира апайға алғысымыз шексіз. Құралай балаларымен бірге ата-анасының үйінде уақытша тұрып жатыр. 10 күн бұрын өртенген үйде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Тілсіз жау 35 шаршы метрге жайылған. №1 орта мектеп ұжымы да балаларға киім-кешек бөліп, көмек көрсеткен. Одан бөлек көрші-қолаң, ағайын-тума жан-жақтан қол ұштарын беріп жатыр екен. Бағжан Тілегенов, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары: - Бұл отбасыға алдағы уақытта үкімет, жергілікті әкімдік тарапынан қол ұшы берілетін болады. Бұдан басқа мектеп тарапынан, ауылдық округ атынан, қазір кәсіпкерлер бар, көмек береміз деген. Солар арқылы қажетті киім-кешек болсын, балаларға оқу құралы болсын, балаларға қолдау көрсететін кәсіпкерлер бар. Бұдан бөлек төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға берілетін бір реттік қаржылай көмек жағы қарастырылып жатыр. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Жергілікті полиция қызметі мен өрт сөндіру қызметінің мамандары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
24.kz
06 ақпан 2018 ж. 2 045 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930