Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихты білу танымды арттырады

Тарихты білу танымды арттырады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейі жобасын іске асыруды ұсынып отыр.
Музей – тарих, музей – тағлым. Бұл мәдени ошақ – біздің өткеніміз, бүгініміз бен келешегімізден сыр шертеді. Мемлекет басшысы айтқандай, бұндай киелі орында ұлтымыздың озық өнері мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттармен басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Тарихты білу – ой-өрісті кеңейтіп, танымды арттырады. Оны көріп, танысқан мектеп оқушысы, студент, өзге де сала мамандары, музей қонақтары болсын қазақ халқының жүріп өткен жолын көзбен көріп, қолмен ұстағандай әсерде қалары сөзсіз.
Мақалада «Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді», – деп айрықша атап өтілген. Мұны өте орынды бастама деп білемін. Мәселен, қойнауы құтқа оранған Қазалы, оның ішінде Жанкент шаһарынан түрлі археологиялық заттар табылып жатқандығы белгілі. Зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле берсе, өзге де тың дүниелердің жарыққа шығары сөзсіз. Бұның бәрі белгілі орында сақталып, келешек ұрпаққа аманаттар дархан даланың өшпес жәдігері.
Роза АСАНОВА,
Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің
директоры
21 қараша 2018 ж. 2 096 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930