Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызыл кітапқа енген құс құтқарылды

Қызыл кітапқа енген құс құтқарылды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей мемлекетінің «Қызыл кітабына» енген «әупілдек» құсын құтқарып қалды. Бұл жөнінде аталған аумақтық инспекцияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Тараз қаласындағы «Феникс» қонақ үйінің ауласына келіп қонған белгісіз құс туралы алғашқы ақпаратты қонақ үйінің иесі ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысына жеткізген. Хабарлама бойынша жедел әрекетке көшкен Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары Жанна Дүйсенбаева, Сұлтан Минтурганов және ВБҚК Тараз қалалық инспекция бас маманы Айдар Сүгірбаев барып қарап тексеру барысында оо Қызыл кітапқа енгізілген жабайы үлкен әупілдек құсы екені анықталған", - деп жазылған хаьарламада.
Сондай-ақ, жабайы құс Тараз қаласы әкімдігінің ветеринарлық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының үй жануарлар дәрігерінің клиникалық тексеруінен өткізіліп, тексеру нәтижесінде оның бойынан жұқпалы ауру белгілері анықталмаған.
"Құстың қанаттары, аяқтары сау және құстың өз бетінше ұшалатыны туралы анықтама дайындалып, үлкен әупілдек құсы табиғат аясы тіршілік ортасына қайта жіберілді. Бір қызығы, әупілдек Ресей мемлекетінің Қызыл кітабына енген. Қазақстанда бұл құс мекендемейді. Тек біздің мемлекетіміз арқылы ұшып өтеді", - деді бөлім маманы Сұлтан Минтурганов.


20 қараша 2018 ж. 2 602 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031