Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол азабынан құтылар күн алыс емес

Жол азабынан құтылар күн алыс емес

“Жол азабан жүрген біледі”. Аудан орталы­ғынан шалғай жатқан Кәукей ауылының тұрғындарын көптен толғандырып жүрген мәселенің бірі жол десек артық айтқандық емес. Әсіресе, жауын-шашыны мен қарлы бораны түтеген қыс айларында ауылға көлікпен кіріп-шығудың азабын көрген ауыл тұрғындары жол мәселесінің оңтайлы шешілетін күнін асыға күтті. Күтпегенде қайтсін енді. Ауылдан аудан орталығына тұрғындардың қатынауы, босанатын келіндер мен “басы ауырып, балтыры сыздағандарды” ауруханаға дер кезінде жеткізу үшін де айнадай тегіс жол керек емес пе?!
Бүгінгі таңда Кәукей ауылына баратын жол мәселесі өз шешімін тауып, қайнаған жұмыстың ортасына айналды. Соның нәтижесінде Кәукей мен Бозкөл ауылы аралығындағы 26 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– Мұнда қазір жол салу жұмыстары қызып тұр. Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей аудандық маңыздағы автомобиль жолының 45-76 шақырымын күрделі жөндеу жобасы бойынша облыстық, республикалық бюджеттен 2018 жылға бөлінген қаржыға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс 2017 жылдың 29 желтоқсанында жарияланды. Соның нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, бүгінде жолға қажетті мальта тасты қоспалар тасымалдануда. Әйтеке би кентіне 300 вагон мальта тас қоспасы жеткізілсе, Бозкөл мен Кәукей елді мекендерінің аралығына 170 «КамАз» мальта тас тасылды. Бүгінгі таңда Кәукей елді мекенінен бас­тап, 6-7 шақырым жол тегістеліп, 5 шақырымына мальта құм аралас қоспа жайылып, тығыздалуда. Сонымен қатар, осы аралықтағы жол кеңейтіліп, геотекстиль төселді, – дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әліби Әбиев.
Аудан басшысы сапалы жол салу мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде ауқымды жұмыстар қолға алынды. Оған Бозкөл мен Кәукей ауылы арасындағы жолға күрделі жөндеу жұмыстары айқын дәлел бола алады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
06 қараша 2018 ж. 1 982 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930