Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар шет тілін қай жастан бастап үйрену керектігін айтты

Ғалымдар шет тілін қай жастан бастап үйрену керектігін айтты

    Шет тілін үйренуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жетік меңгеруге болады.
   Шет тілін үйренуді он жасқа дейін бастаған адамдардың сол тіл өкілдерінің деңгейіне жетуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады Массачусетс технологиялық универститетінің нейро- және когнитивті ғылымдар орталығының мамандары.
    Ғалымдар әртүрлі жастағы (ең кіші қатысушының жасы онда, ал ең үлкені — 70-те, орташа жас — 20 мен 30 аралығында) 670 мың әртүрлі ұлт өкілдерінен жинақталған ақпаратты сараптау үшін компьютерлік модель ойлап тапты. Қатысушылар сауалнамада жасын, ағылшын тілін қашаннан бері үйреніп жүргенін жазып, грамматикалық тест орындаған.
    Нәтижелер көрсеткендей, шет тілінің грамматикасын бала кезде немесе жасөспірім шақта жетік меңгеруге болады. Ал он сегіз жастан кейін тілді меңгеру қабілеті сақталғанмен, тіл өкілінің деңгейіне жету қиындай түспек.
    Зерттеушілер атап өткендей, бұл заңдылыққа биологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлар себеп болады.
"Былайша айтқанда, 17-18 жасқа толған соң адам ересек өмірге аяқ басып, күнкөріс қамымен жұмыс істей бастайды немесе оқуға түсіп, студент болуы мүмкін. Ал бұл оның тілді бұрынғы қарқынмен үйренуіне кедергі келтіреді", — дейді зерттеу авторларының бірі Джош Тененбаум.
04 қараша 2018 ж. 1 318 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30