Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте зерттеу тобы жұмыс жасайды

Мектепте зерттеу тобы жұмыс жасайды

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әкімшілік пен мұғалімдерден құралған зерттеу тобы жасақталып, қарқынды жұмыс атқаруда.
«Болашақ» бағдарламасының түлектері мен Назарбаев Университетінің магистранттары жиналған мектептің зерттеу тобы алғашқы өз жұмысын 2016 жылы бастады. Мақсаты мектептің зерттеу мәдениетін жандандыру мен дамыту, мұғалімдердің зерттеу дағдыларын қалыптастыру, ортақ зерттеулер жүргізу арқылы белгілі проблемалардың шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Сонымен бірге зерттеу тобының жұмысы мектеп мұғалімдері арасында тәжірибені зерттеу - Action reaserch сапасын арттыруға, көшбасшылықты дамытуға және мұғалімдер практикасы мен теориясын біріктіруге бағытталған.
Алғашқыда зерттеу тобының құрамында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінен құралған 7 адам болатын. Бүгінде топ мүшелерінің саны артып, жұмыс ауқымы кеңейе түсті. Осы кезге дейін зерттеуші топ үй тапсырмаларының сапалылығы мен қосымша сабақтардың тиімділігі тақырыптары жайында мектепішілік зерттеулер жүргізген. Қазіргі таңда «Оқушы қабілеттерін қалай дамыта аламыз?» сауалы төңірегінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Мектепішілік мәселерді зерттеумен қатар зерттеу тобы педагог қызметкерлері арасында түрлі іс-шаралар өткізеді. Мұғалімдердің дайындаған ғылыми мақалаларын талқылап, дұрыс орындалуына көмек көрсетеді. Биылғы оқу жылынан бастап зерттеу тобы мектептің педагог қызметкерлеріне арналған зерттеу әдістемесі бойынша арнайы курстар өткізуді қолға алды. Бүгінде курсқа 71 тыңдаушы тіркелген. Курс жұмысы барысында білім зерттеулерінің мақсаты мен түрлері, зерттеу кезеңдері мен сұрақ қою формалары талданып, зерттеу этикасының дұрыс сақталуы, зерттеу барысында алынған мәліметтерге талдау жасау ережесі мен мақала жазудың шарттары жайында жан-жақты ақпарат беріледі.
«Ғылыми мақаланы сапалы жазу үшін зерттеудің әдістемесін білу қажет» деген ұстанымды мақсат тұтқан зерттеу тобы алдағы уақытта курс тыңдаушыларының санын арттыруды көздейді. Сондай-ақ, педагогтардың зерттеушілік дағдыларын дамыта отырып, білім үдерісіндегі мәселелерді шешуге бірлескен жұмыстарды жалғастырады.
20 қазан 2018 ж. 1 156 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930