Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінің тұздылығы Әлемдік мұхиттан 4 есе жоғары болып шықты

Арал теңізінің тұздылығы Әлемдік мұхиттан 4 есе жоғары болып шықты

Оңтүстік Арал суының тұздылығы Әлемдік мұхит суынан 4 есе жоғары болып шықты. Солтүстік және Оңтүстік Аралды зерттеген «Арал 2018» ғылыми-танымдық экспедициясы осындай мәліметті алға тартып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған экспедицияны QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» ұйымдастырған болатын.
«Ғалымдардың алдын ала ұсынған ақпараты бойынша, Арал су айдынының тұздылығы 3,5 промилледен 130 промилле арасында. Бұған қоса Солтүстік Аралдың тұздылығы кейбір жерде Оңстүстік Аралдың тұздылығынан 10 есеге аз. Осылайша, Оңтүстік Аралда тіркелген 130 промилле орташа есеппен Әлемдік мұхиттан төрт есе жоғары болып шықты», - дейді «QazaqGeography» қоғамының халықаралық әрі ғылыми менеджері Нұржан Алғашов.
Оның айтуынша, Арал теңізіне 2016 жылы бір мәрте экспедиция ұйымдастырылған. Ол кезде Назарбаев Университетінің ғалымдары Ұлттық «QazaqGeography» географиялық қоғамының экспедиция құрамында Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктеріндегі гидробиологиялық жағдайын зерттеген. Алдымен ғалымдар Солтүстік Аралдың тұздылығының төмендеу бойынша тенденциясын тіркеп, бұл жағдай Солтүстік Аралдағы ахуалдың экологиялық жай-күйі жақсарып келе жатқаны туралы шешім шығарған.
«Назарбаев Университетінің ғалымдары осы жолы Оңтүстік Аралды зерттеу нысанына айналдырды. Ғылыми сынамалардың нәтижесі бойынша, планктонды бірлестіктердің биоәртүрлілігі, тұз бен фосфордың мөлшері, судың ластануы туралы мәліметтер жиналады. Бұл Солтүстік және Оңтүстік Аралдың экожүйесін дамытуда алдын ала трендтерді анықтауға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Нұржан Алғашовтың айтуына қарағанда, QazaqGeography қызметкерлері, Назарбаев Университетінің ғалым-гидробиологтары, географтар мен фототілшілер Оңтүстік және Солтүстік Аралдың айдындарының гидрохимиялық жағдайын зерделеген. Соңғы экспедиция барысында Арал теңізінің қазіргі жағдайын зерттеу үшін Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы су сынамаларын алып, Солтүстік және Оңтүстік Аралдың бірнеше нүктесінде гидролого-гидрохимиялық параметрлерін өлшеген.
Спикердің сөзінше, экспедицияның нәтижесі бойынша планктонды бірлестіктердің биоәртүрлілігі туралы мәліметтер жинақталып, бұл Солтүстік және Оңтүстік Аралдың трендін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарының толық нәтижесі кешенді зерттеулерден кейін белгілі болмақ. Материалдар өңделгеннен кейін аймақтың басты мәселелері анықталып, Арал маңының туристік әлеуетін жандандыру қолға алынбақ.
06 маусым 2018 ж. 2 150 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 80

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 141

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031