Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр дін туралы заң жобасында киім мен сақалға қатысты сөздердің жоқ екенін айтты

Министр дін туралы заң жобасында киім мен сақалға қатысты сөздердің жоқ екенін айтты

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Мәжілісте қаралып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасында адамдардың киімі мен сақалына қатысты талаптар қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы әзірленді. Оның нормалары дінге қатынасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға, діни бірлестіктер қызметі үшін мейлінше ашық және ыңғайлы жағдай жасауға, дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған», - деді ол.
Министр бұл заң жобасында оқушылардың киімі, міндетті екпе егу сияқты даулы мәселелер қамтылмағанын айтты.
«Кейбір адамдардың қате түсініктері, әдейі жасалып отырған және жалған бұрмаланған мәліметтері бойынша мынаны айтқым келеді. Заңның өзінде мектеп киімі, міндетті екпе егу нормалары туралы сөз қозғалмаған. Сақал, шалбар т.б. сөздер мүлде жоқ. Жалпы заң жобасы қоғам мен мемлекет алдында адамдар өз міндетін сақтай отырып, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Заң жобасы еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік іргетасын қалыптастыруға бағытталған», - деді министр Сенат қабырғасында өткен ҚР азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру тақырыбындағы дөңгелек үстелде.
Еске сала кетсек, жақында ғана Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.
28 ақпан 2018 ж. 1 688 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 98

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 102

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 75

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031