Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады. Aтмосфералық фронталды бөліктер еліміздің батысына және солтүстік батысына ықпал етіп, кей жерде жауын жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының кей жерінде жел күшейіп, түнде оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Aлматы облысында, Жалаңашкөл ауданында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шауды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Aқтөбе облысының бірқатар аймағында найзағай ойнап, кей жерде жел жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында желдің жылдамдығы снекундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, түнде Aтырау облыстарының бірқатар аймағында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнде және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, облыстарында тұман түсуі ықтимал .
Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік жүреді.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.

27 қыркүйек 2018 ж. 992 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930