Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар киелі Көкше жеріне жиылды

Жастар киелі Көкше жеріне жиылды

Биыл "Жас Отан" жастар қанатының "Жастар-Отанға" саяси лагері Көкшетаудағы "Discovery Borovoe" демалыс аймағында өтті. Еліміздің 170-ке жуық белсенді жасы сұлу табиғат аясында ой сергітіп, идея алмасып, пайдалы демалыс ұйымдастырды. Көшбасшы жастардың басын қосқан лагердің ашылғанына биыл 10 жыл толған.
Лагердің алғашқы күні жасотандықтар "Нұр Отан" партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен кездесті.
- Жастар Отанға" дегеніміз ең әуелі еліңді жақсы көру, мақтан тұту, ізденімпаздықпен білім алу. Бір игілік үшін жастардың жұдырықтай жұмылуы. Сондықтан кітап оқыңыздар, ойлы, белсенді көшбасшы болуға тырысыңыздар,- деді Мәулен Сағатханұлы.
Кездесу аясында ол қатысушылар сауалына жауап беріп, әлемдегі, еліміздегі саяси ахуал туралы сөз тарқатты.
Сондай-ақ бес күнге жоспарланған лагерь аясында қатысушылар Парламент депутаттары Бекболат Тілеуханов, Геннадий Шиповских, Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы, халаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов, журналистер Әйгерім Есенәлі, Әнуарбек Жәлел, Аралас жекпе-жек Федерациясының президенті Асылбек Дүйсенов, Киберспорт Федерациясының президенті Қасымбергебаев Бауыржан, Қазақстан барысы Ержан Шынкеевпен кездесті.
Ал лагерь ұйымдастырушылары аймақ жастары бір-бірін жатсынбай, достасуы үшін бірнеше топ құрып, тренингтер, спорттық сайыстар, ойындар өткізіп, әр уақытты тиімді пайдаланды.
Ал соңғы күні қатысушылар аңызға айналған киелі өңірдің Оқжетпесі мен Жұмбақтасына саяхаттап, Абылай хан аңғарын аралады.
Жастардың ойын бір арнаға тоғыстырып, идея алмасуға мүмкіндік жасаған "Жастар - Отанға" саяси лагері аймақ белсенділерін біріктіріп, шабыт, мотивация сыйлағаны анық. Ұйымның негізгі мақсаты да осы болатын.

Айдана Жұмадинова.
"Сыр бойы".
19 қыркүйек 2018 ж. 1 538 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 190

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 193

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 246

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930