Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нұр Отан" партиясы ерекше акция бастады

"Нұр Отан" партиясы ерекше акция бастады


"Нұр Отан" партиясы еліміздегі жасы 100-ден асқан аналарға құрмет көрсету мақсатында жаңа акция бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

  "Шұғылалы көктемнің шуақ шашар мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Айтулы мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы бойынша «Ел аналары» атты жаңа акцияны қолға алды. Оның басты мақсаты – жасы жүзге жеткен және одан асқан аяулы жандарға құрмет көрсету" - дейді Мәулен Әшімбаев.
   Сонымен қатар, ол бұл науқан аясында еліміздің барлық өңірінде әжеллерге құрмет көрсету басталып кеткенін жеткізді.
"Бүгінде елімізде жүзді еңсерген 415 әжеміз бар. Олардың ғибратты ғұмыры жас ұрпақ үшін қашанда үлгі, өнеге екені сөзсіз. Осы құндылықты кеңінен насихаттаудың нәтижесі мол болары анық. Сондықтан нұротандықтар аталған акция шеңберінде тек өз әулетінің ғана емес, еліміздің де алтын қазығы бола білген әжелерімізді құттықтауды бастап кетті. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде партия өкілдері ақ жаулықты аналарымызды үйлеріне арнайы барып құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауда" - дейді Мәулен Әшімбаев.
Партия төрағасының орынбасары акция негізінде астаналық әжелерді арнайы құттықтағанын айтты.
  "Осы акция аясында біз де Астана қаласының тұрғыны, жасы 103-ке келген Досполова Дана әжемізді барша нұротандықтардың атынан құттықтап, аналық ақ алғысын алып қайттық. Дана Құлмұхамедқызы жастайынан еңбекке араласқан жан. Тіпті ел тарихында ерекше маңызға ие Транссібір теміржолы магистралінің құрылысына да үлес қосқан. Ал соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатқан жандардың қатарында болды" - деді ол.
   Мәулен Әшімбаев барлық қазақстандықты акцияға қатысуға шақырды.
   "Бұл игі іс-шара мереке күндері де жалғасады. Ғасыр жасаған және жүзден асқан барлық әжелерімізді жеке-дара құттықтау – біздің абыройлы міндетіміз. Ендеше партиямыздың тың бастамасына баршамыз ат салысайық. Осы ретте 8 наурыз мерекесімен барша ақ жаулықты әжелеріміз бен аяулы аруларымызды шын жүректен құттықтаймын! Көңілдеріңізден қуаныш, жүздеріңізден жылу кетпесін! Алдағы уақытта шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және ұзақ ғұмыр тілеймін!" - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Baq.kz
08 наурыз 2018 ж. 1 089 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930