Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық фестивалі - 2018

Денсаулық фестивалі - 2018

7-11 қыркүйек күндерінің аралығында «Денсаулық фестивалі - 2018» кең ауқымды акциясын (бұдан әрі-акция) өткізу үшін Қазалы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен іс-шара жоспары бекітіліп, келесі жұмыстар атқарылды.
Акцияның алғашқы күні Қазалы қаласы әкімі аппаратының №1 «Ақерке» балабақшасында «Кім жылдам!» атты спорттық сайысы, 10 қыркүйек күні Қазалы қаласы әкімі аппаратының №3 «Өрімтал» балабақшасында «Спорттық ойындар» тақырыбында эстафеталық ойындар жарысы, «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты топаралық сайысы өткізілді және М.Горький атындағы №16 мектеп – лицейде «Дұрыс тамақтану» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, мектеп медбикесі ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтіп, мектеп мейіркеші оқушыларға «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында ақпарат беріп өтті.
Бұдан кейін, 11-қыркүйек күні Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде студенттер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Қазалы аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Қонысбаева студенттерге «Репродуктивтік денсаулық қорғау – сау ұрпақтың кепілі» атты тақырыпта дәріс оқыса, дәрігер Ә.Әлиева «Салауатты тамақтану – үздік білімге апаратын жол!» атты тақырыпта студенттерге кең көлемде мағлұмат беріп, үнпарақшалар таратылды.
Сонымен бірге, акция аясында қалалық мәдениет Үйінде жеке кәсіпкер, дәріхана меңгерушісі Т.Кималовпен кездесу ұйымдастырылып, қалалық Емхана бөлімшесінде «Саламатты сандарға қол жеткіз!» тақырыбында ашық есік күні жарияланып, тұрғындар дәрігерлік бақылаудан өтті және №18 Қазалы ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінде үлкен футболдан, қол күресінен топ аралық жарыс өткізіліп, жарыс жеңімпаздары марапатталынды.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
12 қыркүйек 2018 ж. 3 134 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031