Көгілдір отын – елдің игілігі

Алдағы уақытта көгілдір отынның игілігін біздің ауданның орталығымен қатар, стансаға жақын орналасқан Қазалы қаласы мен елді мекендердегі халық та көретін болады. Бұған байланысты жұмыс жасалып жатқан көрінеді.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір Қазалы қаласының тұрғын үйлерін газбен қамту үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 5 миллион теңге қаржы бөлінген. Жалпы жобаның құны – 32 миллион теңге. Жоба дайындалғаннан кейін қаржыландыруға ұсыныс берілмек.
Сонымен қатар, Ғ.Мұратбаев ауылына (310 тұрғын үй мен 8 мекемеге) газ желісін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін демеушілік есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.
Халық та игі істің нәтижелі болуына тілектес. Қала мен Ғ.Мұратбаев ауылына газ кіргізілсе, қалған елді мекендерге де табиғи газды жеткізуге жол ашылатын еді.
Алдажар АЛПАМЫС