Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ulys журналы ашылды

Ulys журналы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа «Ulys» цифрлық журналының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Елорда Aqparatқа сілтеме жасап.
«Біз жақсы сапалы әрі терең танымдық дүниелерді, әлемде әсіресе медиа саласында болып жатқан ең соңғы жаңашылдықтарды халыққа жеткізуіміз керек деген ниетпен «Ұлыс» жобасын бастадық», - деді жоба авторы әрі журналдың бас редакторы Ержан Қалымбай.
Редактор жиналғандарға журналдың құрылымы мен мазмұнын түсіндіріп, таныстырылымын өткізді. Басылымның бірінші бетінде өзіндік айтар ойы бар, шетелде оқыған білімді әрі іскер жастар көрсетіледі. Автордың сөзімен айтсақ, ондағы мақсат - ақылды жастарды сәнге айналдыру. Әрбір санда Қазақстан мен Түркі әлеміне қатысты сараптамалық мақалалар мен сұхбаттар жарияланады.
«Сонымен қатар, Түркі әлемі мен Орта Азия интеграциясына басымдылық беріп отырмыз. Бұдан былай қырғыздар қырғызша, өзбектер өзбекше береді мақаласын. Бұл тек қана Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде болса деген ойымыз бар. Мәселен, алғашқы нөмірінде «Қазіргі қырғыз жастары нені қызықтайды?» деген мақала шықты. Ұқсас әрі туыс халық болған соң, қазіргі проблемамыз бен жастардың көзқарастары өте ұқсайды екен», - деді Ержан Қалымбай.
Сондай-ақ ұлттық мүдде мен Алаш тақырыбына арналған тұрақты айдар болады.
«Ulys» журналының тұсауын Алаштың біртуары Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінің құрметіне кесуді жөн көрдік. Оның керемет сөзі бар «Ел бүгінгі үшін, мені ертеңгі үшін» деген. Сондықтан қазақтың әрбір азаматы ертеңі үшін өлмейтіндей дүние жасаса деген ниетпен осы шаруаны бастап отырмыз», - деді журнал редакторы.
Журнал Digital форматындағы соңғы үлгідегі тәжірибелерге негізделіп жасалған. Мәселен, мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыңдауға немесе бейнежазбасын көруге мүмкіндік бар.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 192 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930