Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық тиін Ресейге жеткізілуі мүмкін

Алматылық тиін Ресейге жеткізілуі мүмкін

Ресейліктер Алматыдағы "Атакентте" орнатылған тиінді алып кеткісі келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала аумағын өзгерту бойынша жаңа тенденцияларға арналған баспасөз-конференциясы барысында белгілі болды. Іс-шараға сәулет, дизайн және урбанистика саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты. "Сіздердің тиін бүкіл әлемді шулатты, оны әлі күнге дейін талқылап жатыр. Тиін мекенжайын өзгертуі әбден мүмкін. Мен біздің өнер сүйер қауымның оны Ресейге көшіргісі келетіні жайлы естідім", - дейді суретші әрі дизайнер Андрей Люблинский. ЮНЕСКО сарапшысы, антрополог Евфрат Имамбек те тиінге қатысты ойын айтты. "Жалпы тиіннің өзі аса әдемі емес, бірақ оның көздері әдемі. Қанша дау шықса да, тиіннің арқасында біз жайлы біраз адам білді", - деді Евфрат Имамбек. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы "Атакент" сауда орталығында биіктігі 12 метр, салмағы 12 тоннаны құрайтын тиіннің салынғаны жайлы хабарланған болатын. Ол сабан, металл мен ағаштан жасалған. Мұндай арт-құрылыстың бағасы - 23 миллион теңге. Жоба авторы - суретші Алекс Ринслер.
06 қыркүйек 2018 ж. 943 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30