«Харекет» қоры 26-шы отбасыға баспана сыйлады
«Харекет» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға баспаналы болуға жәрдемдесу мақсатында «1000 теңгеге баспана» атты акция өткізе бастады. Қоғамдық қор жұмыс істей бастаған 10 айда жиналған қаржыға еліміздің 26 тұрғыны баспаналы болды.
Жуырда аталған акцияның арқасында Шиелі ауданының тұрғыны Орынкүл Есжанова басыбайлы баспанаға қол жеткізді.
«Харекет» қорының мақсаты – халықтың демеуімен мұқтаж жандарға үй немесе жер телімін алып беру немесе баспана салуына көмектесу болып табылады.
Төңкеріс ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана, мүмкіндігі шектеулі Орынкүлге қор шешімімен Гигант ауылдық округі Бидайкөл ауылынан жер үй сатып алып берілді. Үш баланың анасы қуаныштан көз жасына ерік берді.
– Маған отбасымның жеке пәтері болатыны туралы хабарлағанда, қуаныштан төбем көкке жеткендей болды. Біздің баспаналы болуымызға жәрдемдескен барлық азаматқа шын көңілімізбен алғыс айтамыз, – деді Орынкүл Есжанова.
Аристотельдің ғибратында ең биік игілік, қасиетті құндылық – ізгілік пен қайырымдылықты, адамгершіліктің өзегіне балайды. Өзгеге жақсылық жасай білу – адамдықтың белгісі. Демек, адам болу қайырымды болу арқылы келеді екен. Яғни, адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ, – дейді ұйымдастырушылар.
– Бұл акцияның мақсаты – қазақтың ежелгі дәстүрі жылу жинауды жаңғыртып, соның есебінен мұқтаж жандарға үй немесе жер телімін алып беру, үй салуына көмектесу. Ең бастысы осы бастамамызды үздіксіз садақаға айналдыру. Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын, – дейді қор жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы.
Акция басталғалы бері он ай ішінде қазақстандықтар қордың шотына салған қаржыға 26 отбасы баспаналы болды. Сатып алынған үйлер жетім-жесір немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға беріледі.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».