Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25»: 200-ге жуық қазақстандық баспаналы болды

«7-20-25»: 200-ге жуық қазақстандық баспаналы болды

193 қазақстандық «7-20-25» жаңа ипотекалық бағарламасы арқылы баспана сатып алды. Бұл жайында «Баспана» ипотекалық ұйымының ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында айтылған.
«2018 жылдың 3 тамызындағы жағдайға сәйкес, «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктеріне жалпы сомасы 11 991 465 581 теңгенің 1039 өтінімі түсті. Оның ішінде 640 өтінімге 7 311 155 602 теңге мақұлданды. Бұл бағдарлама бойынша 3 тамызда 193 қазақстандық баспаналы болды. Қазіргі уақытта берілген кредиттің жалпы сомасы 2 206 363 499 теңгені құрайды», - делінген жауапта. Келтірілген деректерге қарағанда, Алматының 82, Астананың 27, Ақтаудың 25, Қостанай облысының 16 және Шығыс Қазақстан облысының 11 тұрғыны баспаналы болған. Бір адамға берілген кредиттің орташа сомасы 11,4 млн теңгені құрайды. «Баспана» ұйымы «7-20-25» бағдарламасы қай уақытта кеңейтіліп, оған екінші нарықтан да пәтер сатып алу мүмкіншілігі қашан қосылатындығы туралы сұраққа да жауап берді. «Бағдарламаның бекітілген талаптарына сәйкес, дайын тұрғын үйді ғана сатып алуға болады. Екінші нарықтағы тұрғын үйлерін де сатып алу мүмкіншілігі қосылып, бағдарлама кеңейтілген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ресми хабарлайтын болады», - деп атап өтеді ипотекалық ұйым. Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы ағымдағы жылдың 5 наурызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында әзірленген. Мамыр айының соңында Ұлттық банк бекіткен бағдарлама келесі шарттар арқылы ипотекалық займ беруді көздейді: сыйақы ставкасы - 7 пайыз, бастапқы жарна - 20 пайыз, займ мерзімі - 25 жылға дейін.

13 тамыз 2018 ж. 1 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031