Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтар мобильдік қосымша арқылы қайырымдылық жасай алады

Енді қазақстандықтар мобильдік қосымша арқылы қайырымдылық жасай алады

Елордада «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры арнайы мобильдік қосымшаны таныстырды. Аталған қосымшаның көмегімен қазақстандықтар көмекке мұқтаж азаматтарға ақша аудара алады. Бұл туралы қайырымдылық қордың президенті Гүлмира Әбілдинова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Біз қайырымдылықты кез келген азамат жасай алады деген пікірдеміз. Осы орайда «Қазақстан жақсылық жасайды» атты арнайы мобильдік қосымша жасап шығардық. Оны Playmarket, Appstore қосымшасынан оңай жүктеп алуға болады. Осылайша, азаматтар өз ұялы телефонындағы батырманы басу арқылы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасай алады. Сондай-ақ азаматтар өз қаржысының қайда кетіп жатқанын бақылауға мүмкіндігі бар», - деді ол.
Оның айтуынша, егер Қазақстанның 8 млн экономикалық белсенді азаматы бір күнде 365 теңгесін қайырымдылық қорына аударса, «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры 40 оңалту орталығын ашып, церебральді сал ауруына шалдыққан барлық балаға көмек көрсете алады.
Сонымен қатар, Гүлмира Әбілдинова осы жылдар ішінде сал ауруына шалдыққан балалардың тиісті медициналық көмекті алуы мүмкіндігі жоғарылағанын атап өтті.
«Осы жылдар аралығында 9 балалар үйін арнайы құралмен жабдықтадық. Осылайша церебральді сал ауруына шалдыққан балалар үйден шықпай-ақ ем қабылдауға мүмкіндік алды. Біз елімізде 3 оңалту орталығын аштық. Олар Астана, Шымкент қалаларында орналасқан. Онда жыл сайын сал ауруына шалдыққан 600 бала ем қабылдайды. Сондай-ақ біз елордада ерте бастан церебральді сал ауруымен ауыратын балаларды анықтайтын «Балапан» орталығын аштық. Ондағы мақсатымыз – ауру балаларға көмек көрсету», - деп түйіндеді сөзін «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының президенті.

27 ақпан 2018 ж. 1 540 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 53

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031