Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін сондай сұлусыз!

Бүгін сондай сұлусыз!

Адам өміріне, осы күніне ризашылық білдіріп, рақмет айтқан сайын жақсы арнаға бұрыла беретініне бәріміз өмірлік тәжірибе арқылы куә боп жүрміз. Ендеше, мына жайттарды кейде елеусіз қалдыруымызға не себеп?
Бүгін сондай сұлусыз. Сенбесеңіз, айнаға қараңызшы. Келбетіңізден кемшілік байқадыңыз ба? Онда айнадан екі метрге қашықтаңыз. Байқалмай қалды ма? Демек, басқалар да аңғармайды.
Қандай адам болғыңыз келеді? Дәл қазір өзіңізді солай ұстаңыз. Бірер күннен кейін еріксіз өзіңіз қалаған кейіпке еніп шыға келесіз. Бір нәрсені не біреуді ойлатқан мұңды да мазасыз минуттардан арылғыңыз келсе, кітап оқыңыз, фильм көріңіз, әуен тыңдаңыз. Бұл ешқандай мәселенің шешімі бола алмайды, дегенмен жаныңызды жеңіл сезіне бастайсыз.
Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз. Әркімнің жеке тұлғалық қасиеті бар.
Қаламасаңыз, пердені ашпай-ақ қойыңыз. Тура да, ауыспалы да мағынасында...
Кезінде ыңғайсыз жағдайға қалдым екен деп қапаланудың қажеті шамалы, өзгелер мұны әлдеқашан ұмытып кетті.
Егер достарыңыз сізді еш себепсіз елемегендей әсер қалдырса, жай ғана оларға уақыт беріңіз. Дәл қазір барлығы аса маңызды шаруамен айналысып жатқан болар.
Суды көп ішіңіз, жемісті жиі жеңіз, жаттығумен айналысып, көшеде көбірек серуендеңіз. Басыңызда жағымды ойлардан басқасына орын босатпаңыз.
Сіз өзгересіз. Үш жыл бұрын қандай болсаңыз, қазір дәл сондай емессіз. Тіпті үш сағат бұрын да дәл осындай болмадыңыз. Бұл жақсы. Үш сағат бұрынғы қалпыңыз өзіңізге ұнамайтын болса, тіптен жақсы.
Қалағаныңызды алып қалуға тырысыңыз.
Сұрамағанға жауап та жоқ.
Керемет күн жақсы ойдан бастау алады. Бұл сау-саламат оянғаныңызға шүкір ету.
Ең бастысы, бақытты екеніңізді ұмытпаңыз.
Massaget.kz
19 тамыз 2018 ж. 1 397 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930