Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» әрбір отбасына баспаналы болу мүмкіндігін ұсынады

«7-20-25» әрбір отбасына баспаналы болу мүмкіндігін ұсынады

Жуырда Ұлттық Банк «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипо­текалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті. Бағдарлама «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әр­бір отбасына баспана алудың жаңа мүм­кіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ұлттық банк қазіргі уақыт­та ипотекалық кредиттеу нары­ғы­н­дағы тұрақсыз ахуалды соңғы 10 жылда ІЖӨ-дегі банк секторының ипотекалық портфелінің үлесі тө­мен­дегенімен айқындап отыр. Егер 2007 жылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру көлемі 418 млрд теңге болса, 2017 жылы 357 млрд теңгені құрады. Соңғы 3 жылда берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарының шамамен 77 процентін тұрғын үй құрылыс жи­нақ­тары схемасы бойынша берілген қарыздар құрады.
Ипотекалық кредиттеу нары­ғындағы тұрақсыздыққа банктердің ипотекалық қарыздарды беруге қы­зығушылығының төмендеуі себеп болып отыр. Бұған еліміздегі кейбір заңдарға енген өзгерістер, банктерге қатысты шектеу мен тыйымдар әсер етті. Жағдайды реттеу үшін бірінші кезекте кредиторлар мен қарыз алушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, банктер мен қарыз алушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарға нарықтық сипат беру қажет.
Бағдарлама ипотекалық кредит­теуді жандандырып, мыңдаған қазақс­тандықтар үшін тұрғын үй сатып алудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, жалпы еліміз­дің экономикасын дамытуға мульти­пликативтік әсерін тигізеді деп күтілуде. Сонымен бірге банктердің ипотекалық портфелі кем дегенде 1 трлн теңгеге ұлғаяды.
Ұлттық банктің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ осы бағдарламаның операторы бол­мақ. Қатысушы банктерге крите­рийлер белгіленіп, олардың тізімі оператормен келісім-шарт жасалған соң жарияланады. Бүгінде бас-аяғы 11 банктің ипотекалық несиелеуге қатысатыны белгілі болып отыр. Банктер займ алушылардан займды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайды. Бағдарлама осы жылдың екінші жартыжылдығында басталады.
Қазір Ұлттық банктің мобильді қосымшасында «7-20-25» деген жаңа бөлім ашылып, онда бағдарламаға қатысты барлық сауалдарға тез ара­да жауап берілуде.
«7-20-25» бұған дейінгі және қазіргі мемлекеттік ипоте­ка­лық бағдарламалардан ауқым­дылы­ғы­мен ерекшеленеді. Төменгі ставкасы 7 процент, алғашқы салым 20 процент, ал несие уақыты 25 жылға дейін белгіленген бағдарлама мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін 25 млн теңге, басқа өңірлер үшін 15 млн теңге. Сатып алынатын жыл­жымайтын мүлік кепілге қойылады. Кепілмен қамтамасыз ету құны тәуелсіз бағалаушы мен банк айқындаған құнның, тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша тағайындалады. Кепіл мүлікті және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.
Бағдарламаға еңбек және кәсіп­керлік табысы бар, меншігінде үйі жоқ Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Тек отбасының әр мүшесіне 15 шаршы метрден келетін жатақ­хана, құлағалы тұрған апаттық үй тұрғындарының тиісті анық­тамалары болған жағдайда несие алуына мүмкіндік бар. Сонымен бір­ге үміткерлердің төленбеген ипотекалық несиесі болмауы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, «7-20-25» арқылы бұрын алынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға жол берілмейді.
28 маусым 2018 ж. 1 341 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930