Оптимизм – жақсы қасиет

– Мына соманы қабыл ал. Бір жылдан кейін жағдайың түзелгенде маған дәл осы жерде, дәл осы уақытта қайтарарсың, – деп өз жөнімен кетеді. Бұл мәртікке қайран қалған кәсіпкер чекке қараса, әлгі адам сол кездегі ең бай кәсіпкер Джон Рокфеллер екен. Сол сәттен бастап кәсіпкерге қанат бітіп, ісі алға басады. Бірақ ол 500 мың долларды кәдеге жаратпайды. Ісі мүлдем құрдымға кеткен жағдайда керек болар деп іскер адам ретінде оны бөлек сақтап қояды. Кәсібі оңалған кәсіпкер бұрынғы жағдайын қайта жасап алып, дами береді. Солай бір жыл да өте шығып, кәсіпкер әлгі уағдаласқан жерге қарызын қайтару үшін қайта келеді. Келіскен уақытта қария да келеді сол жерге. Кәсіпкер алғысын енді жаудырмақ болып жатқанда, қарияны артынан қуып жеткен медбикелер шап беріп ұстап алады.
–Әрең ұстадық, құрсын. Қазір ғана үйде жүрген еді, тағы қашып кетіпті. Сізден кешірім сұраймыз, бұл кісі көше кезіп, бәріне өзін Джон Рокфеллермін деп таныстырып жүреді. Сіздің мазаңызды алмаған болар? – деп жөнімен кете берді. Сол сәтте кәсіпкер өзінің бір жыл бойы ауадағы ақшамен жүргенін түсінеді. Бірақ сол ақшаның иллюзиясы кәсіпкерге оптимизм беріп, қанаттандырғаны да рас.
Түйін: оптимизм – ақшадан да құнды дүние. Екі түрлі көзқарас Аяқ-киім өндіретін белгілі компания өз тауарын Үндістанға шығармақ ниетпен екі сарапшысын сонда жібереді. Екеуіне жергілікті халықтың тұрмысы мен тауардың сатылу потенциалын бағалау тапсырылады. Біраз уақыт өткен соң, бірінші сарапшы келіп былай дейді:
–Мұнда ешкім аяқ-киім кимейді, босқа әуре болмайық. Ал екінші сарапшы әлі де Үндістанда еді. Біршама уақыттан кейін одан да хабар келеді: –Жолдастар, біз сатылымды үш есе арттыра алатын мүмкіндікке ие болып отырмыз. Мұнда ешкімнің аяқ-киімі жоқ! Тамаша емес пе?! Түйін: кез келген жағдай біреу үшін алынбайтын қамал болса, біреу үшін таптырмайтын мүмкіндік.
Massaget.kz