Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орамал тағудың не қиындығы бар?

Орамал тағудың не қиындығы бар?

Сәл кішірек кезімде тұрмысқа шықаннан кейін басымнан орамал тастамай жүретін болайын, тіпті балаларым да менің шашым қандай екенін білмесе екен деген ой келген еді. Жолдасым екеуміздің ойымыз бір жерден шығып ол да үнемі орамалмен жүруімді қалады. Үнемі... Енді адамдардың сөзі бар ғой.
– Мәә, тіпті емтиханға да орамал тағасың деді ма не?
– Алматылықтар орамалға қарамайтын еді ғой, жұмысқа да таққызып қойды ма не?
– Қалай сонда "таққызып"? Орамал тағудың не қиындығы бар?
Орамал – кие. Сұқтанған сырт көзден сақтайды. Тұрмыстағы келіншек, болашақ ана екеніңді сезіндіреді.
Орамал – гигиена. Тамаққа да, басқаға да шашың төгіліп жүрмейсің.
Орамал – сұлулық. "Маған орамал жараспайды" деген өтірік әңгіме. Кез келген қыздың сәнін келтіреді. Неужели күйеуіңіз орамалмен ерекше әдемі болып кететініңізді айтпады?! Фык, тақтың, бітті, боянудың да қажеті шамалы.
Ақ орамал тағып әлдеқандай болғыңыз келмесе, күнделікті бір түрден жалықсаңыз, киімге сәйкестендіріп түрлі түсінен, әртүрлі тәсілмен байлап тағып, орамалмен-ақ сәнді көрінуге болады.
Қысқасы, қасиеттен қашпаған дұрыс. Ақ орамалынан бір ажырамаған әжелеріміз бен аналарымыз ақымақ болмаған. Сізге қарап бірі қызығып, кейбірі ұялғанынан басқалар да орамал тағатын болады.
11 шілде 2018 ж. 2 706 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031