Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі уәкілдер. Бұл институт туралы не білеміз?

Әдеп жөніндегі уәкілдер. Бұл институт туралы не білеміз?

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Биыл бұл институттың енгізілгеніне 8 жыл болды, яғни Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырып келеді.
Осы ретте, Қызылорда облысы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы енгізіліп, аталған лауазымда Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы қызмет атқаруда.
Сонымен қатар,Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдарда – 10, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде – 17 мемлекеттік қызметшіге Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару қосымша жүктелген.
Оның ішінде, лауазымдық бөлініске келетін болсақ, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі 7 аппарат басшысына, 1 департамент басшысына, 11 басшы орынбасарынажәне 8 өзге лауазымдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымында 1 мемлекеттік қызметші қызмет атқарса, 27 мемлекеттік органда әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару сол мемлекеттік органдардағы ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына жетекшілік жасайды.
2024 жылдың 5 айында жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен - 98, орталық мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен – 122құқықтық оқыту мен семинарлар, 203 жеке қабылдаулар өткізілген, 137 сұқбат, мақала және басқа да ақпараттар жарияланған.
Әдеп жөніндегі уәкілдер ұжымдағы моралдық-психологиялық ахуалдың дұрыс болуына тікелей жауапты. Ол үшін әр ұжымда тұрақты түрде сауалнама өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылы барлығы 37 сауалнама өткізілген, нәтижесімен моралдық-психологиялық ахуалдың төмен көрсеткіштері тіркелмеген.
Уәкілдермен атқарылған жұмыстарға баға берген кезде аумақтық департамент бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаға тартылу деректеріне, мемлекеттік орган мен қызметшінің әрекетіне қатысты жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни мақалаларға да мән береді.
Мысалы, мемлекеттік қызмет және қызметтік этика саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша жағымсыз жарияланымдарына жүргізілген мониторингнәтижесінде 2023 жылы БАҚ-да – 16 жарияланым, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты – 10 жарияланым (1 қызметкерге қатысты 3 рет), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты – 2 жарияланым, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты – 2 жарияланым шыққан.
Ал 2024 жылдың5 айында – 3 мақала жарық көрген, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметшілеріне қатысты – 2, аумақтық бөлімшелердің қызметшілеріне қатысты – 1.
Кейбір сыни мақалалар өз дәлелін таппай жататын тұстары бар, дегенмен де өткен жылғы жағымсыз жарияланымдардың басым бөлігі білім саласы қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер қозғалумен байланысты болған. Одан кейінгі орында құқық қорғау саласы мен әр-түрлі деңгейдегі әкімдік қызметкерлерінің іс-әрекеті болып отыр.
Енді өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне тоқталсақ.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік болып табылады (Заңның 4-бабы 14-тармағы).
2023 жылдың қорытындысын алып қарайтын болсақ, 1 тоқсанда – 222, 2 тоқсанда – 229, 3 тоқсанда – 121, 4 тоқсанда – 138 қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылған. Ал 2024 жылдың 1 тоқсанында бұл көрсеткіш – 166 құрады.
Қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамағаны үшін өткен жылы 3 қызметші және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін 4 қызметші жазаланса, осы жылдың өткен кезеңінде әдеп нормаларын сақтамау – 1, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол беру бойынша - 1 қызметші жазаланған.
Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда тәртіптік жазаға тартылған қызметшілердің саны азайғандығы байқалады. Дегенмен де, келтіріліп отырған деректер Әдеп жөніндегі уәкілдердің құқық бұзушылықтарға төзбеушілік бағытындағы қызметтерінде әлі де болса кемшіліктердің бар екенін аңғартады.
Аталған талдау қорытындылары ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қызу талқыланды.
Кеңес төрағасы талдау қорытындыларына бөлек бөлек тоқталып, мәжіліске шақырылған Әдеп жөніндегі уәкілдерге көрсетілген бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажеттілігін тапсырды. Кеңес соңында, төраға аталған мәселелерге 6 айдың қорытындысымен қайтадан оралатынын, әрбір уәкілдің жұмысына сол кезде баға берілетінін жеткізді.
Агенттік және аумақтық департаменттер алдағы уақытта да Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын жетілдіру бағытында тиісті жұмыстарды жалғастыра беретін болады.
Е.МЕНДАЛИЕВ,
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
14 маусым 2024 ж. 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031