Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның ең үздік үш әкімі анықталды

Қазақстанның ең үздік үш әкімі анықталды

“Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы” (ӘСЗО) қоғамдық қоры 2018 жылдың бірінші жартысы бойынша Қазақстанның өңірлері мен қала әкімдерінің тиімділік рейтингісін жасады. Осыған сәйкес, еліміздің ең үздік үш әкімі анықталды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеп.
Қала және өңір басшыларың тиімділігі әкімнің жұмысымен халықтың қанағаттануы, аймақтағы экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқару, әкімнің ақпараттық ашықтығы мен саясаткер ретінде әкімнің перспективтілігі бойынша жеті ұпайлық шкаламен бағаланды. Еліміздің ең үздік әкімдерін анықтау үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен барлығы 26 сарапшыдан сауалнама алынды.
Алынған мәліметтерге сәйкес, сарапшылар көбінесе әкімдердің жұмысын орташа деңгейде бағалаған. 5 ұпайдан жоғары баллды (7 баллдық шкала бойынша 5.07 ұпай) Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қана жинады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Алматы әкімі Бауыржан Байбек ең тиімді әкімдер рейтингісінің үштігіне кірді.
Жалпы алғанда, бес өңірдің әкімі төрт ұпайдан жоғары балл жинап, Қазақстанның үздік әкімдері деп танылды. Яғни Исекешев, Көшербаев, Байбек, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасаған жұмыстарының нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып, ең тиімді әкімдер рейтінгісінің бестігіне енді.
Stan.kz
27 маусым 2018 ж. 1 601 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031