Вейп несімен қауіпті?
ФОТО
Соңғы уақыттары жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн санап артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс пен дәм шығады. Қалағаныңша никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті деп дабыл қағуда мамандар.Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресми түрде тыйым салынды. Десе де электронды темекілердің қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Адамға "темекі тастауға көмектеседі" дейтін тиімділігі де дәлелденбеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хош иістендіргіштерді қолданбауға кеңес беруде. Жарнамасына да тыйым салу қажеттігін алға тартады. Біздегі мамандар не дейді пікіріне мән беріп көрелік.
Соңғы уақыттары жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн санап артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс пен дәм шығады. Қалағаныңша никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті деп дабыл қағуда мамандар.Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресми түрде тыйым салынды. Десе де электронды темекілердің қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Адамға "темекі тастауға көмектеседі" дейтін тиімділігі де дәлелденбеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хош иістендіргіштерді қолданбауға кеңес беруде. Жарнамасына да тыйым салу қажеттігін алға тартады. Біздегі мамандар не дейді пікіріне мән беріп көрелік.
– Жүйелі рейдтер жүргізіп, түсіндірме шаралары ұдайы атқарылады. Барлық базар маңындағы, орталықтағы дүкендердіндегі сауда ережелері қадағаланды. Сатушылар мен дүкен иелеріне 21 жасқа дейінгілерге сату тыйым салынатындығы ескертілуде. Бұл талап бұзылған жағдайда тиісті шара қолданылатыны да айтылды. Хабарламаны ұдайы әлеуметтік желідегі ресми парақшамызға жариялап тұрамыз. Бұған орай арнайы бейне жазба да әзірленді. Зиянды құрылғыларға түбегейлі тыйым салынса, әрине құба құп болар еді. Оның зияндылығы тым жоғары. Жаман айтпай, жақсы жоқ дегендей, түрлі сұмдық ақпараттар ғаламторда өріп жүр. Тіпті электронды темекінің жарылып, адам бетіне зақым келтірген.
Сондықтан ағзасы әлі қатая қоймаған жас буынға өте қауіпті деп санаймын. Мүмкіндік болса, барлығымыз біріге осы өнімді сатылымнан мүлдем алып тастауға атсалыссақ дұрыс болар еді.
– Вейп бауыр мен бүйрекке, жүйке жүйесіне зиян тигізеді. Оның құрамындағы никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады. Вейпте 31 қауіпті зат бар. Құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар.
Жалпы вейперлер электронды темекінің зияны жоқ деп ойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Дегенмен Беркли университетіне қарасты Лоурен атындағы ұлттық зертхана мамандары вейптен уытты заттардың бөлінетінін анықтады. Оған қоса, хош иісті сұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Содан бағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уытты химикаттардың бірі – диацетил. Ол хош иістендіргіштердің 75 процентінде болады. Оны тамақ өнеркәсібі де пайдаланып жатады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронх жолдары тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Сосын бір вейпті бірнеше адам қолданған жағдайда гепатит, туберкулез сияқты аурулар таралуы мүмкін. Жүкті әйелдерге, аллергиямен ауратындарға және кәмелет жасқа толмаған балаларға вейп шегуге болмайды. Құрамында аллергенді қоспалардың мөлшері басым.
– Қазір ақпараттар ағыны ғасырында өмір кешкендіктен қоғам өте қауіпті кезеңде тұр. Балалар өміріне қатысты да айналада жантүршігерлік өзекті мәселе өте көп.
"Адам – қоғам байлығы. Бала – ұрпақ жалғасы, әр шаңырақтың шамшырағы, бабалар аманаты, әке мен ананың үкілеген үміті" деп жүрміз. Өз басым қоғамдағы түрлі келеңсіз жайтты оқи һәм ести жүріп, ел ертеңі – жеткіншектер үшін қатты алаңдаймын. Бұл не шегі жоқ қауіпті сәттер?!
Ұрпақты аман сақтаудың жалғыз жолы бар. Ол – әр отбасы балаларына дұрыс қарау. Олар "таңмен ерте тұрып ас-суын ішті ме, сабағына қалай қатысып жүр, сабақтағы білім деңгейі қандай, ұстаздары мен сыныптастары арасында қарым-қатынасы қалай, денсаулығы қалай, не керек болып жүр?" сынды сауалдар күнделікті баладан сұралуы тиіс.
Себебі жас бала – енді қалыптасып келе жатқан тал шыбық іспетті. Қалай өсірсең, қалай баптасаң, солай бой түзейді. Ендеше, ұрпақ азбасын, ел көркейсін, бала ертеңі үшін өкінбесін десеңіз, күн сайын балаңызбен тілдесіп, қалтасына не салып жүр, сөмкесінде қандай артық зат бар, достары кім, телефонында кімдермен хабарлама алмасып жүр тағы басқасы да бәрі назарыңызда болуы қажет.
Ұстаз ретінде оқушыларым үшін, олардың ертеңі үшін алаңдағанымыз жөн. Алайда әр баланың бас ұстазы – әкесі мен анасы. Кәмілетке толмаған ер бала мен қыз баланы көшеге бей-берекетсіз түнгі мезгілде жүруге рұқсат беру де тәртіпсіздік. Ұлын өзгенің үйінен тойдырмай, қызын жат үйге қондырмаған бабалар өнегесін ұстансақ, адаспас едік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА