Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

Елімізде 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

фото: stan.kzІшкі істер министрлігі алты мыңнан астам ата-ананы профилактикалық есепке қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов айтты. Ол балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау үшін әкімдіктер жанынан мобильді топтар құрылғанын еске салды. Олар өз жұмысының аясында өз міндеттерін орындамай жүрген ата-аналарды анықтады.

Балалардың құқықтарын қорғау комиссиясы 1800 материалды қарап, 600 ата-ананы құқығынан айыру, 340-ын шектеу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқу жылының басынан бері тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында 1400-ден астам бейресми жетекшілерді анықтаған. Олардың барлығы бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарды бопсалау бойынша 40 фактінің жолын кесті.

«Жалпы, соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар үш есеге жуық азайды. Өкінішке қарай, жасөспірімдер ғаламтор арқылы күмәнді адамдармен танысып, пәтер жалдап, түрлі іс-шараларды тойлайды, көп жағдайда ата-анасының бақылауынсыз ішімдік ішіп, есірткі қолданады, соның салдарынан қылмыстың құрбанына айналады», деді Оспанов.
05 ақпан 2024 ж. 131 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930