Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер жайы басты назарда

Жасөспірімдер жайы басты назарда

Қызылорда облыстық полиция департаментінің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ағымдағы жылдың екінші жартысына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 7-9 маусым аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатқанын хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу бағытында ауқымды шаралар өтеді.
Аудан көлемінде ювеналды полиция қызметкерлері аудандық жастар ресурсық орталығы қызметкерлері және білім бөлімінің мамандарымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу, түнгі уақыттары заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейдтік шара ұйымдастырып, кент орталығындағы ойын-сауық орталығы, дүкендер, орталық алаң және тағы да басқа көңіл көтеру орындары аралап, тәртіпке шақырып жүр.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтармен қылмыстардың алдын алу мақсатында, балалардың түнгі уақытта көшелерде, ойын-сауық орталықтарында беймізгіл жүрмеуін ата-аналардан қатаң қадағалауларын сұраймыз.


Қазалы ауданы полиция бөлімі
09 маусым 2023 ж. 467 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 101

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930