Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде балалар қылмысы төмендеді

Елімізде балалар қылмысы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, соңғы жылдары қылмыстық құқық бұзушылық жасаған балалар мен жасөспірімдер саны біршама азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2020 жылы кәмелетке толмағандар жасаған 1 873 құқық бұзушылық тіркелген, бұл 2016 жылға қарағанда 44%-ға аз (3 343 бірлік). Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтардың үштен бірін алкогольдің әсерінен жасайды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ұлттық бюро құқық бұзушылықтар санының жалпы қысқаруына қарамастан, жасалған әрекеттердің ауырлығы азаймағанын алға тартты. Ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар саны 2016 жылы 653 жағдаймен (19,5%) салыстырғанда 2020 жылы 750 жағдайды (жалпы санының 40%) құрады.
Ең үлкен үлесті (53,6%) меншікке қарсы құқық бұзушылықтар (ұрлық және тонау), алаяқтық – 8,2% және автокөлік ұрлау – 4,3% құрайды. Құқық бұзушылықтар құрамында ұрлық пен тонаудың үлкен үлесіне қарамастан, 2016 жылмен салыстырғанда олардың саны тиісінше 52,4%-ға және 68,2%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандар арасында сотталғандардың саны аздап өсті. 2020 жылы олардың саны 396 адамды құрады (2016 жылы 378), оның ішінде бас бостандығынан айыруға 63 адам (15,9%), 52 кәмелетке толмаған адам шартты түрде, 6 адам қоғамдық жұмыстарға, 275 (69,4%) басқа жазалау шараларына сотталған.
06 қазан 2021 ж. 349 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930