Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр аспанын ән тербеді

Сыр аспанын ән тербеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ән мен әнші Ұлы Дала Астаналарында» жобасы аясында Қазақстанның эстрада жұлдыздары еліміздің көне астаналарын аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынуда.
Қазақ сахнасының жауһарлары Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Ұ.Жолдасов, Г.Оразымбетова, Д.Таңатаров, А.Иманбаева, Жазира мен Жанболат, «Қоңыр тобы», М.Әуелбекова, Ж.Жексенұлы, Е.Есмахан және басқа да өнерпаздар Сыр еліндегі сапарды тарихи орындарды аралаудан бастады. Б.Шөкенов атындағы саябаққа барды. Осы күні сахна саңлақтары орталық алаңда жиналған Сыр жұртшылығына әсем ән мен көңілді кеш сыйлады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева: «Қазақ елінің қай өңірі болсын рухани қазынаға бай. Десе де, Қызылорданың орны ерекше. Еліміздің алғашқы астанасы болған, жырдың елі қашанда алдыңғы шепте тұратыны анық. Бұл аймақ – жыршы-жыраулар мен сүлейлер отаны. Тіпті, театр өнері де бастауын Сырдан алған», – деді.
Байқағанымыздай, концертке жиналған халықтың қарасы көп болды. Сахнаға шыққан әр әншіге жанкүйер жұрт ерекше қошеметін білдірді.
Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
ҚМУ студенті,
Н.Нұржаубай (сурет).

25 маусым 2018 ж. 2 725 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 177

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031