Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жанқожа батырдың 245 жылдығына орай аудандық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесі кімге бұйырды?

Жанқожа батырдың 245 жылдығына орай аудандық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесі кімге бұйырды?

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Сенсің бабам өнегесі ерліктің, Хақ бастауы азаттықтың елдіктің» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Ұлт азаттығы жолындағы ұлы күрескер, даңқты қолбасшы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 245 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға 28 талапкер қатысты.

Мүшәйрада ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі Жұмабек Табынбаев, Шилі ауылындағы №259 мектептің директоры Ұлан Қалиев және «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы Алтын Қосбармақовалар ақындардың өнерін сарапқа салды.

Қазылар алқасының шешімімен Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 245 жылдығына орай ұйымдастырылған мүшәйраның Бас жүлдесін Абай ауылындағы №90 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әлихан Махашев жеңіп алса, І орынға Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің қызметкері Ақзия Қожахмет қол жеткізді. Ал, жүлделі екінші орындарға «Қазалы» газетінің тілшісі Ақтілеу Қалдыбай мен Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Қызғалдақ Меңдіқұл, үшінші орындарға Аранды ауылының кітапханашысы Жанғазы Данабек, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің 11 сынып оқушысы Қуандық Ақнұр, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сүлеев Алтынбек табан тіреді.

Сондай-ақ, бұл байқауда Дәрменқұл ишан, Киікбай батыр, Ақтан батыр, Төремұрат жырау, Өтеген Нұрымбет, Көкіұлы Есет батыр, Дабыл батыр, Қызылбас палуан, Есенбай батыр, Шағырай батыр және Мұнарбай батыр атындағы арнайы жүлделер де өз иесін тапты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 қараша 2019 ж. 1 293 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 152

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031