Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті

Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті


Ақпан айының бірінші бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні. Соған сәйкес бүгін аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында арнайы жиын өтті.

Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп қатысып, саяси науқанда белсенділік танытқан бірқатар жандарға аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың құттықтауын жеткізіп, «Алғыс хатын» табыстады. Сондай-ақ, Қазалы аудандық сайлау комиссиясының ұжымына жүрек жарды лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.
– Өздеріңіз жақсы білесіздер, өткен жылдың басынан бері елімізде және ауданда саяси науқандар болып өтті. Сол тұста Сіздер сайлаудың заң талаптарына сай ашық әрі әділ өтуіне атсалысып, тәртіп бұзушылықтардың болмауы үшін жұмыс жасадыңыздар.
Соның нәтижесінде жыл соңында облыстық сайлау комиссиясының шешімімен «Жыл үздігі – 2023» номинациясын иелендіңіздер.

Бұдан бөлек, ардагеріміз – Жаппарберген Жалғасбаев сайлау жүйесіне елеулі үлес қосқаны үшін аймақ басшысының «Алғыс хатымен» марапатталса, ортамыздағы Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қази Иманбаев ағамыз орталық сайлау комиссиясының «Құрмет грамотасын» иеленді. Бұл Сіздер жасаған жұмыстың еленгені, лайықты бағаланғаны, – деді Ринад Ибайдуллаұлы.
Мұнан соң Қазалы ауданының құрметті азаматы Жаппарберген Жалғасбаев пен білім саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қуанышбаев сөз алып, көпшілікке жылы лебізін жеткізді.
Басқосуда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай да өткен жылдағы жұмыстарға қысқаша тоқталып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған ардагерлер мен белсенділерге алғысын айтты.
Айта кетейік, шарада аудан әкімінің «Алғыс хатынан» бөлек, Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хатын» иеленгендер де болды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 ақпан 2024 ж. 157 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 81

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 54

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 88

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031