Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі орталық сайлау комиссиясының мүшесімен кездесті

Облыс әкімі орталық сайлау комиссиясының мүшесімен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында Қызылорда облысына келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловпен кездесті.
Кездесуде пилоттық негізде өткізілетін аудан әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы Мемлекет басшысының бастамаларын әрқашан қолдайтынын айтты. Асылбек Смағұлов сайлауды ашық әрі заң талаптарына сай өткізудің маңыздылығын атап өтіп, саяси науқан өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенім білдірді.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлау өтетін екі аудандағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дайындық барысын көрді. Әрі қарай екі ауданда жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңеске қатысты.
Еске салсақ, 5 қараша күні Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді.
05 қазан 2023 ж. 288 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930