Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үстел теннисінен аудандық турнир қорытындыланды

Үстел теннисінен аудандық турнир қорытындыланды

Бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткізілген «AMANAT CUP» үстел теннисінен аудандық турнир қорытындыланды.
Шарада партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков сөз сөйлеп, тартысты бәсекенің жеңімпаздарын марапаттады .

Іс-шараның қорытындысы бойынша келесі нәтижелер тіркелді:

1 орын - №249 мектеп-лицейінің «Абадан» командасы;
2 орын - №24 орта мектебінің командасы (Бекарыстан би ауылы);
3 орын - №249 мектеп-лицейінің «Жанқожа 128» командасы.

Жеңіс тұғырынан көрінген қатысушыларға жүлделі сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ бірқатар ойыншылар «Үздік ойыншы», «Жас ойыншы», «Жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша марапатталса, үздік теннисшілерді дайындаған ұстаздары «Үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болды.

Ойынға аудандық үстел теннисі құрама командасының жаттықтырушысы Медетбек Ермаханов пен құрама команда ойыншысы Майрагүл Ерлан төрелік етті.

Барша қатысушыларды жүлделі жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы додаларда сәттілік тілейміз!

#AMANAT
25 қаңтар 2024 ж. 488 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031