Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT CUP: Оқушылар арасында үстел теннисінен аудандық турнир басталды

AMANAT CUP: Оқушылар арасында үстел теннисінен аудандық турнир басталды

Бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентінде аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «AMANAT CUP» үстел теннисі аудандық турнирі басталды.

Спорттық шараны партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ашып, доданың маңыздылығына тоқталды.

«Бұқаралық спортты дамыту еліміздің басым бағыттарының бірі. Ұлттың саулығына ерекше мән беретін «AMANAT» партиясы да өзінің сайлауалды бағдарламасында спорт саласын маңызды басымдық ретінде қарастырған. Бүгінгі үстел теннисінен мектеп оқушылары арасындағы аудандық турнир осы тұжырымдама аясында өткізіліп отыр. Ендігі кезекте бұл шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу қолға алынатын болады», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Мұнан соң аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев сөз алып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа аудан мектептерінен 14 командадан құралған 50-ге жуық теннисшілер қатысуда. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

#AMANAT
25 қаңтар 2024 ж. 468 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930