Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуластыру – даудың ұтымды шешімі

Татуластыру – даудың ұтымды шешімі

Сот жүйесін дамытуда және тиімді жұмыс жасауда реформалар тоқтаған емес. Оның ішінде соттағы татуласу институттарының орны бөлек. Себебі бүтіндей сот жүйесі дауласқан тараптардың өзара ымыраға келгенін құп көреді. Қазақта «Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген даналы сөз бар. Ашу адастырады, ақыл жолға салады деген ұлт ұстанымы ұлылықтың бастауы. Ел болған соң сол ашуға беріліп те, ерегісіп те қалып жатады. Кейде түсініспей, не төрелік іздеп өзін дәлелдегісі келіп төрешілік іздейтін де сәт туады.
Осындай қызуқандылықты үстінде үкім кесіп жіберетін сотқа бару түбі жағымсыздыққа әкелетін білген соң ел билігі татуластыру орталықтарын ашып, ата жолға қайта мойын бұрдық. Қазірде ашуға беріліп кеткендер сотқа жүгініп ара­ны ашшыламай, бітімгерлерге барып, түсінісіп жатыр. Бұл мемлдекет үшін де, қоғам үшін де, ең бастысы ағайын, таныс үшін де тиімді болып отыр.
Себебі сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу азаматтық іс жүргізудің субъектілеріне тиімді және оң тұстары жетіп артыла­ды. Біріншіден, дауды татуласты­ру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпалды;
екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындап жатады, ал сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі аталған рәсімдерді жасауға ықпал етіп, дауласушы та­рапты ымыраға келтірері сөзсіз;
үшіншіден татуласу рәсімдері тараптар арасындағы дауға ортақ келісіммен соңғы нүкте қоюдың алғы шарты, ал сот шешімі бір тарапты ғана қанағаттандыра алуы мүмкін, төртіншіден, бұл соттың және тараптардың уақытын, қаржысын үнемдейді. Бұл ретте айта кетерлігі татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылады. Тағы бір тиімділігі, сотпен бекітілген қандай да бір келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, тараптар атқару парағы арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы мәселені көтеруге құқығы бар.
Мінекей, осылайша ата бабамыздың байсалды, байыпты болмысы ұрпақтары, бізді және бізден кейінгі қоғамды тату тәтті ұстап отырары анық. Ал, ең ба­стысы дауласпауға, түсіністікпен қарап, ашуға берілмеуіміз керек. Ел амандығы – ел бақыты.
Қазақ аталы сөзге тоқтап, әділ билердің төрелігіне бағынған халық. Бірде Төле би шідер ұрлап қолға түскен бір ұрыға ұрланған шідердің үш тармағын үш аттың аяғына салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе, үшеуін біріктіріп ұстаса, ер ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген үкім айтады. Ұры бірден келісті, әрекет жасап көрді.
Əрине, мықты қайыстан жұмыр­лап өрілген шідерді аттар үзіп кете алмайды, ұры бір шідер үшін үш ат төлеп құтылады. Төленің бұл билігін қазақтар да, кейін қазақтың əдет заңын зерттеген орыс оқымыстылары да «даналық шешім» деп бағалайды.
Иә, бұл сол заманның қазіргі тілмен айтқанда медиаторлары. Дау-дамай, кикілжіңдерді шешіп, елдегі ынтымақты, бірлікті сақтауда бір ауыз сөзі жеткілікті болатын.
Осы жасалынған жаңашылдықтар дауды мейлінше азайтуға, қоғамда татуластық пен тұрақтылық орнатуға бағытталғанын ескерген жөн. Сотқа дейінгі татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі.

Бертай Серік Мұратбайұлы,
Қазалы аудандық сотының судьясы
  
22 қаңтар 2024 ж. 147 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930