Елеулі еңбекке – лайықты құрмет
Күні кеше аймақтағы «Өнер орталығында» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достықтың мекені» атты әсем де әсерлі шара өтті. Мерекелік көңіл-күйге толы кеште ел дамуына, қоғамның өркендеуіне, мәдениет пен білімнің ілгерілеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Президент Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды.Солардың қатарында жерлесіміз – Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Ібайдулла Тілеп те бар. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев оған «Парасат» орденін табыстады. Бұл – жылдар бойғы табанды еңбек пен елге деген адал қызметтің жарқын жемісі.
Ібайдулла Тілепұлы талай жылдан бері депутат ретінде халықтың сенімін арқалап, өңірдің мәселелерін шешуге белсене атсалысып келеді. Көтерген бастамалары да, қолға алған істері де ел игілігіне бағытталған. Қоғамдық өмірден шет қалмай, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатты жүзеге асыруда да белсенділігімен танылып жүр.
Туған жері – Қазалының көркеюіне бар күш-жігерін арнап келе жатқан азаматтың ел ішіндегі абыройы да жоғары. Осындай елге жанашыр жандар көп болса, Отанымыздың келешегі бұдан да жарқын болары сөзсіз.
Осы айтулы марапатымен Ібайдулла Тілепұлын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат













