Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жылдардың біріне айналуы мүмкін

2026 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жылдардың біріне айналуы мүмкін

pixabay.com
Ғалымдар климаттық дағдарыс күшейеді деп дабыл қақты. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық кезеңдердің біріне айналуы мүмкін. Халықаралық сарапшылар алдағы жазда әсіресе Еуропаны аптап ыстық пен климаттық апаттар күтіп тұрғанын ескертті. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Еуропаның Copernicus климаттық бағдарламасының баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Politico басылымы.
Ғалымдардың мәліметінше, 2025 жылы Еуропа бұрын-соңды болмаған температуралық рекордтарды бастан өткерді. Құрлық аумағының 99 пайызы климаттық нормадан жоғары температура аймағында қалған. Яғни, Еуропа тарихында алғаш рет тұтас дерлік құрлық бір мезетте климаттық аномалия құрсауына түсті. Өткен жыл тек ыстықпен ғана емес, жойқын табиғи құбылыстармен де ерекшеленді. Құрлық пен теңіздегі аптап толқындары, ауқымды орман өрттері, құрғақшылық пен мұздықтардың жедел еруі климат дағдарысының тереңдеп бара жатқанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, теңіз суының температурасы қатарынан төртінші жыл рекордтық деңгейге жеткен. Ал 2025 жыл 1990-жылдардың басынан бергі ең құрғақ кезеңдердің бірі ретінде тіркелді. Еуропадағы мұздықтар да көз ілеспес жылдамдықпен азайып жатыр. Бір ғана Гренландия мұз жамылғысы бір жыл ішінде 139 гигатонна массасын жоғалтқан. Сарапшылар жағдайдың алдағы уақытта одан әрі күрделене түсетінін айтады. Себебі жақын арада жаһандық жылынуды күшейтетін Эль-Ниньо климаттық құбылысы басталуы мүмкін. Бұл өз кезегінде әлем бойынша температураның тағы да көтерілуіне әсер етпек.

30 сәуір 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930