Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихы туыс – ұлт пен ұлыс

Тарихы туыс – ұлт пен ұлыс

Достық пен ынтымақтың мекеніне айналған қасиетті қара шаңырағымызда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазалы қаласында «Достығымыз – бірлікте» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараның шымылдығы түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен өтіп, сахна төрінде қазақтың қасиетті күйі күмбірледі. Онымен үндесе кеткен өзге ұлттардың ән мен би шашуы көрерменнің рухын көтеріп, жүрегіне жол тапты. Бұл кеш жай ғана концерт емес, жүзі басқа болса да, жүрегі бір соғатын тұтас бір халықтың мақтаныш сезіміне ұласты.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінде бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын датаны қазалылықтар да кең көлемде атап өтті. Қазалы қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған «Достығымыз – бірлікте» кеші «АRT-уақыты» жобасы аясында, «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында көрерменге жол тартты.
Мерекелік шара «Самғау» бишілер тобының орындауындағы әсерлі композициялық бимен басталды. Сахна төріне шыққан жүргізушілер жиналған қауымды ынтымақ пен татулықтың мейрамымен құттықтап, еліміздегі ұлтаралық келісімнің маңыздылығына тоқталды. Салтанатты жиын барысында алғы сөз алған қала әкімі Қайрақбай Орынбасаров тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, аудан бойынша «Бірлік-Единство» этномәдени бірлестігінің төрайымы, өзбек ұлтының қызы Жұма Нафиса Тайырқызы ақжарма тілегін білдіріп, достық туының жығылмауын тіледі.
Концерттік бағдарлама қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлттардың мәдениетін паш еткен нағыз өнер мерекесіне айналды. Сахнада Бақыткелді Надиров «Қазақстаным» әнін шырқаса, Шамина Галина Кондратевна «Земля моя» туындысын орындап, көрермен ілтипатына бөленді. Сонымен қатар №17 мектеп өнерпаздары өзбек биін, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі татар биін, №16 мектеп-лицейдің «Жұлдыз» тобы орыс биін, ал №95 мектеп ұжымы неміс биін жоғары деңгейде билеп шықты. Шарада Ұшқын Жамалбектің «Туған жер» туындысын аудан триосы әуелетті. «Самғау» тобының орындауындағы «Қазақ биі» мен Асылбек Кеулімжайұлының орындауындағы «Бейбітшілік сақталады» әні мерекенің түйінін тарқатты. «Достығымыз – бірлікте» атты мерекелік шара бір шаңырақ астындағы ұлттардың татулығын тағы бір мәрте айқындап берді.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
01 мамыр 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031